АСТАНАНЫҢ ЗАМАНАУИ СИМВОЛЫ

Talan Towers А-классты көп фукнцияналдық кешені.

ЖОБА ТАРИХЫ

Жобаны іске асыруға 100 астам компания қатысты – бүкіл әлемнің дизайнерлері, консультанттары және мердігерлері. Жобаның дизайны мен құрылысы бойынша жұмыстарды  Turner International американдық компания үйлестірді, бұл компанияның басқаруымен Empire State Building және Burj Khalifa сияқты әйгілі объектілер салынған.  

Кешеннің сәулетшісі – 1936 жылы құрылған SOM (Skidmore, Owings & Merrill LLP) американдық компаниясы. Компания құрылған сәттен бастап әлемнің 50-ден астам елінде 10 000 астам жобаларды іске асырды, 800-ден астам кәсіби марапаттарға ие болды. SOM Burj Khalifa (Дубай), Еркіндік мұнарасы (Нью-Йорк), Trump International Hotel and Tower (Чикаго) сынды жобалардың авторы. 

Кеңсе орталығының дизайны Perkins+Will британдық компаниясымен орындалған. 

Өңдеу кезінде Италия, Испания, Бельгия, Германия, Қытай, Түркие мен Үндістан карьерінен әкелінген табиғи тастың 56 түрі пайдаланылған.

LEED GOLD

Жобаны жобалау және құрылысы  LEED халықаралық жүйесінің жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес жүргізілді. 

Talan Towers – 2018 жылғы 15 наурызда ресми түрде LEED жүйесінің GOLD  деңгейіндегі экологиялық құрылыстың халықаралық сертификатының иегері атанған Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы «жасыл» көпфункционалды кешен.

Инфрақұрылы

Play Video

TALAN TOWERS БІРЕГЕЙ ӘЛЕМІ

TALAN TOWERS-тің бірегей инфрақұрылымы Нұр-Сұлтан бизнес қоғамдастығының өмірі, жұмысы мен демалысы үшін тамаша жағдай жасайды.

TALAN TOWERS OFFICES кеңсе мұнарасы Қазақстандағы «А» класындағы үздік бизнес-орталық» ресми мәртебесіне ие болды. Бизнес-орталықтың аумағы АХҚО-ның ерекше қаржылық аймағына кірді, бұл жалға алушыларға АХҚО қатысушылары ретінде тіркелуге мүмкіндік береді және қаржылық және олармен байланысты кейбір қызметтерден алынған кірістерге бойынша жеңілдетілген салықтық режимді қамтиды.

The Ritz-Carlton – Нұр-Сұлтан қаласындағы люкс клаcсты алғашқы бес жұлдызды отель. Елорданың іскерлік орталығында орналасқан отель іскерлік және мәдени қоғамдастықтың басын қосатын және бизнес-іс-шараларды, түрлі салтанаттарды өткізу үшін тамаша орынға айналды.

Кешеннің екі мұнарасын 140-тан астам халықаралық брендтер ұсынылған Talan Gallery люкстің сауда галереясы біріктіреді.