A HERITAGE OF LUXURY LIVING (Каз)

The Ritz-Carlton, Residences эксклюзивті резиденциялары орналасқан Talan Towers көп функционалды кешені елорданың сол жақ жағалауының ландшафтымен тамаша үйлеседі. Астананың іскерлік орталығында орналасқан кешен қаланың инфрақұрылымымен үйлесім табады: Talan Towers – қа жақын жерде қазақстандық және халықаралық компаниялардың кеңселері, банктер және мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде, Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Парламент ғимараты, ҚР Қорғаныс министрлігі, Ақ Орда резиденциясы және басқалары орналасқан. Сонымен қатар ірі сауда орталықтары, галереялар және мейрамханалар жаяу қол жетімділікте.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Резиденция иелерінің The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің инрақұрылымын пайдалануға ерекше мүмкіндігі бар.

ӨZEN

Өzen лобби-лаунж достармен көңілді кездесулерге және отбасылық кештерді тамаша өткізуге арналған. Мұнда барлығына баса назар аударылған: сіздерді шай ұсынудың ерекше тәсілі және арнайы коктейль мәзірі таң қалдырады. Жылдың жылы мезгілінде мейрамхананың жазғы терассасында оның барлық артықшылықтарынан рахаттануға болады.

MÖKKI

Қонақ үйдің 3 қабатындағы Mökki мейрамханасында авторлық асханадан және серіктестеріңіздің қарым-қатынасынан ләззат алуға болады. Белгілі аспаздар тағамдарды ашық асхана форматында әзірлейді, бұл мейрамхананың көңілді және жанға жайлы атмосферасын қалыптастырады. Еркін жағдай жаңа таныстар табуға мүмкіндік береді және жаңа идеялар мен жобаларды дамытуға серпін беруі ықтимал.

SELFIE ASTANA

Қонақ үйдің 18 қабатында орналасқан Selfie Astana мейрамханасында өзіңізге айрықша гастрономиялық рахат сыйлай аласыз. Мұнда терезеден қаланың тамаша көрінісі ашылады, ал танымал мәскеулік бас аспаздар – Анатолий Казаков және Руслан Абдураманов ұсынатын тағамдар таң қалдырмай қоймайды. Бұдан басқа, мұнда автордың орындауында дәстүрлі ұлттық тағамдардың да дәмін татуға болады, осы себептен Selfie Astana барып көруіңізге міндетті мейрамхана.

THE RITZ-CARLTON SPA

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің СПА-кешені – адамның күші қалпына келіп, шабыты ашылатын тыныштық пен байыптылық аралы. Табиғи материалдар қолданып жасалған, бейтарап түстердегі сәнді интерьер, жанға жайлы жарық және хош иісті шамдар сіздерге ақиқаттан ауытқып, емдік және эстетикалық процедуралардың алаңсыз әлеміне енуге мүмкіндік береді. Тері күтіміне арналған барлық процедураларда ESPA британдық брендінің косметикасы қолданылады.Мұнда тәжірибелі СПА-терапевттер сіздің шаршағаныңызды және стрессіңізді оңай және тиімді басуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, қуаныш пен ішкі ләззатты сезінуге көмектеседі.

КИНОТЕАТР ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕ ЛАУНЖ-АЙМАҚ

Оқиғаларға толы жұмыс күнінен кейінгі сіздің демалысыңыз қонақ үйдің 18-ші қабатында орналасқан жекеше лаунж-аймағында бірегей болып есептеледі, мұнда достармен кездесу, іскерлік кездесулер жүргізу үшін барлық жағдай жасалған – ойластырылған интерьер, дизайнерлік жиһаз, жаңа басылымдар мен кітаптар жинақталған кітапхана қарастырылған. Камералық жағдайда өзіңіздің сүйікті әуендеріңізді тыңдап немесе атақты кино туындыларын тамашалай аласыз.